Саяхаттауға, белсенді өмір салтын ұстануға, аңшылыққа, балық аулауға және көптеген басқа да мақсаттарға арналған авто.
Әдетте «АвтоҮйлердің» дайын шешімдері біздің демалу жағдайымызға жиі үйлесе бермейді. Біздің жолдардың сапасы нашар және жол үстінде қызмет көрсету саласы дамымаған. Шетелдік автомобильдерде қарастырылған техникалық шешімдер біздің жағдайда өміршеңдігімен ерекшеленбейді. Демалысыңызға ешнәрсе кедергі келтірмеу үшін барлығын жан-жақты қарастырған жөн. Әдетте, қарапайымдылығына, оңай жөнделуіне және жол талғай бермеушілігіне байланысты бұрынғы кеңестік техника көбірек таңдалады. Сондай-ақ автоның ішкі көрінісін өзің жоспарлап, бортта қажеттінің барлығының болуын қамтамасыз ету кімнің болса да арманы емес пе?
Біздің қызметтерімізге мыналар кіреді:
Бар керекті дүниеңді өзіңмен бірге алып жүруге болады! Жетуге болатын кез келген нүктеде қол жетімді болатын автомобильдің немесе автотіркеменің базасындағы дөңгелекті толыққанды монша өте жайлы әрі жақсы көңіл-күй сыйлап, денсаулық үшін теңдесі жоқ пайда алып келеді.
Бастапқы моншадағы сияқты жағдайды ойластырып, оны жасау-біздің міндетіміз, сіздерге осы қызметтерді қуана көрсетеміз.
Заманауи әлемде дөңгелекті офистің болуы қисынсыз тілек емес, бизнесті жүргізуді жеңілдететін заман қажеттілігі. Кездесулер мен келіссөздер, сыртта өтетін консультациялар, қызметтердің көрсетілімі, түрлі кампанияларды өткізу – осындай техниканың қажеттілігін тудыруы мүмкін іс-шаралардың толық тізімі емес, бұл тізімді толықтыра беруге болады.
Сатып алушының қалауы бойынша дөңгелекті мобильді офисті сапалы радио байланыс жүйесімен жабдықтауға болады, ұялы сигналды күшейтуге арналған антеннаны және серіктік интернет жүйесі мен т.б. орнатуға болады.
Сізге өз өніміңізді жөндеу немесе орнату үшін жиі шығуға тура келеді ме?
Сіз өз қызметіңізді клиенттің орналасқан жерінде көрсетесіз бе? Онда Сізге Шебернаха (Зертхана) автомобилі қажет. Ұсынылған автоның базасында сіздің барлық талаптарыңызды қанағаттандыратын «автоны» жобалап, оны «дайын күйінде» өткізу біздің қызметімізге кіреді.
Көрмелерге қатысу, түрлі қалалардағы жиі таныстырылымдар, өз қызметтерін немесе өнімдерін жедел және ең жақсы күйінде көрсету қажеттілігі - сіздің компанияыңыздың мобильді көрме стенді. Жиі, көрмеден кейін стационарлық көрме стендтері жиналып, сақталады. Бұндай жағдайда оның көптеген құрама бөліктері жарамсыз болып қалып жатады. Көрме стендінің бюджеті жыл сайын бас қатырып, ойландыруға мәжбүрлейді. Бұл мәсенің шешімі –бір рет шашылып, ұзаққа сақтап қалу.
Авто дүкен жүк тасығыш машина мен дүкеннің қызметін қатар атқарады, бұл өз тауарыңызды сатып алушыға
жеткізіп қана қоймай, сатуға да мүмкіндік береді.
Жылжымалы дүкен сатып алушының өзіне келуін күтпей, сатып алушыға өзі келеді, бұл сатылым көлемін арттырудың керемет құралы болып табылады.
Қажет болған жағдайда біздің компаниямыз кез келген тауарды сатуға арналған жылжымалы дүкенді Сіздің сұранысыңызға сәйкес дайындап береді.
Сіз автоны шанақсыз сатып алдыңыз ба? Сізді өз фургоныңыздың мөлшері қанағаттандырмайды ма? Онда Сізге бізге келу керек! Біз борттық шанақтарды, фургондарды, термофургондарды, тентпен жабылған фургондарды дайындаймыз. Сонымен қатар қолда барын күшейтеміз, көлемін өзгертеміз, қақпасын, борттарын жасаймыз.
Біздің тәжірибеміз тұрғынүйлік, техникалық немесе саудалық контейнерлер болса да, оларды қайта жабдықтау жөніндегі кез келген міндетті шешуге мүмкіндік береді деп айта аламыз. Жылыту, электр жабдығын орнату, өңдеу және тағы басқа жұмыстарды орындаймыз. Біз қашан да ынтымақтастыққа дайынбыз.
- Раманы ауыстыру
- Раманы күшейту
- Пирамиданы дайындау және орнату
- Сіздің техникалық талаптарыңызға сай келетін қаңқаны дайындау
- Борттарды жөндеу, дайындап, бояп, сырлау, орнату - Фургондарды, «кунг»-терді, қақпаларды дайындау
- Орай ағызғыштарды орнату
- "Кенгурушелерді" дайындау және орнату
- Құрал-сайман жәшіктерін дайындау және орнату
- Бамперлерді, айналарды, шашыратқыштарды, «опырғыштарды» және тағы басқаларын орнату
- Салонды жаңарту
Фирмалық мәнердегі элементтері бар винильді қабықшаларды желімдеу.
Күш беретін жүк салғыштар, бамперлер, қауіпсіздік қаңқалары, доғалар, кенгурушелер, құрал-сайман жәшіктері, жүк арбалар, перделер, орындықтар және тағы басқалары
Шанақтарды, Фургондарды, «Кунг»-терді, рамаларды ұзарту, күшейту. Қайықтарға, квадроциклдерге және т.б. арналған тіркемелерді дайындау.
Камуфляж және өзге шешімдер.
tv, dvd, магнитолалар, акустика, радистанциялар, қосымша көрініс камералары, қосымша жарық, отынды жылыту, ішкі кеңістікті жылыту (сұйық және қатты отындағы пештер), кондиционерлер, тоңазытқыштар, генераторлар мен тағы басқалары.