"Спец Авто Тюнинг" компаниясының сайтына қош келдіңіз.
Біздің мамандануымыз — алуан түрлі кластағы автомобильдерді, сонымен қатар жүк автомобильдерін қайта жабдықтау. Бұл іспен 9 жылдан астам уақыт бойына табысты шұғылданып келеміз.
Біздің автомобильдерді автоүйлерге, мобильді моншаларға, жылжымалы шеберханаларға, мобильді зертханаларға, «техникалық қызмет көрсететін» автомобильдерге, апат кезінде қызмет көрсететін және басқа да арнайы автомобильдерге қайта жабдықтау және оларды жасап шығару жөнінен кең ауқымды тәжірибеміз бар. Бұндай машиналарды жасап шығару фургонды, жиһазды дайындаудан бастап арнайы электр жабдығы, аудио және бейне аппаратура, радистанциялар, кондиционерлер, жылыту жабдығы және тағы басқалар сияқты түрлі жабдықты орнатуға дейінгі барлық жұмысты қамтиды.
Сонымен қатар біз төмендегілерді өте сапалы әрі көз тартымды етіп жасай аламыз:
- фургондар
- термофургондар
- борттық шанақтар
- күрделі құрастырмалар
- жүк салғыштар, бамперлер, "кішкене қақпалар", қауіпсіздік доғалары, "кенгурушелер", құрал-сайман салатын жәшіктер және т.б.
Біздің жұмыстарымыз бөлімінде біз атқарған жұмыстармен таныса аласыздар.
Автомашинаны біздің компаниямызда қайта жабдықтағаннан кейін біз қажетті құжаттарды ресімдеуге көмектесеміз.
Міндеттерді кешенді шешуіміз біздің басты артықшылығымыз болып табылады. Құрастырмаларды олардың күрделі құрамдас бөліктерін дайындаудан бастап, бояп, сырлауға, электр қуатын өткізуге, өңдеуге және басқа да көптеген ұсақ-түйектерге дейін орындаймыз.
Біз Сізге автоңызды жөндеумен немесе қайта құрастырумен байланысты қалыптан тыс мәселелерді шешуге көмектесе аламыз.
Және ең бастысы- біз өз жұмысымыздан ләззат аламыз!